Өндіріс орта мектебі әкімшілігі Астрахан ауданының Білім бөлімі әдіскерлеріне алғыс айтамыз. Бүгін, 4- желтоқсанда Құралай Сембековна мен Самал Габдулманаповна Өндіріс мектебіне әдістемелік көмек көрсетуге келді. Оқу кабинеттерін аралай отырып мұғалімдерге жеке жолығып, қандай да сұрақ болса, әдістемелік көмек қажет болса деп көмек көрсету мақсатында келгенін атап өтті. Екі мұғалімге марапат тапсырды. Оқу және тәрбие орынбасарлар құжаттарын қарап, біршама қолдау-көмегін көрсетті. Осындай қолдау үнемі болса деймін. Рахмет