Мектепішілік КВН – көңілділер мен тапқырлар сайысы! Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік КВН сайысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өздерінің тапқырлығын, әзіл-қалжыңға шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сайыс барысында командалар қызықты қойылымдар ұсынып, өзара бақ сынасты. Бұл шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, сахна мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Оқушыларды сайысқа дайындап, бағыт-бағдар берген сынып жетекшілеріне ерекше алғысымызды білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіздің арқасында шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Тәлімгер: Иманжүсүп Ботагөз Темірбекқызы #шабытжобасы

Мекен жайы:
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Óndiris aýyly, Ақмола облысы Астрахан ауданы Өндіріс ауылы