25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Елім деп соқсын жүрегің!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және патриоттық рухты нығайту. Мерекелік шара барысында оқушылар туған жерге, Отанға деген ыстық ықыластарын білдіріп, ел тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығын насихаттады. Отанға деген сүйіспеншілік – жүректен басталады! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын! Республика күні құтты болсын! #РеспубликаКүні #ЕлімДепСоқсынЖүрегің #25Қазан #МеніңОтанымҚазақстан #ПатриоттықТәрбие БіртұтасТәрбие біртұтас_тәрбие

23.10.2026
Просмотров: 0

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу