22 қазан күні Республика күніне орай «Менің елімнің жетістіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — оқырмандарды Қазақстанның тарихымен, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен және ел дамуына үлес қосқан тұлғалармен таныстыру; жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, туған елге деген мақтаныш пен құрметті арттыру. Көрмеге Қазақстанның өткені мен бүгіні, мәдениеті, ғылымы және жетістіктері туралы кітаптар мен танымдық материалдар қойылды.