«Күзгі асар» жобасы аясында мектебімізде күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, күзгі өнімдер мен түрлі тәттілерді ұсынып, өзара ынтымақтастық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, үнемшілдікке, бірлікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Күзгі жәрмеңке көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады! ДТІЖО Холганат Д. #КүзгіАсар #КүзгіЖәрмеңке #БірлікПенБереке #АдалАзамат