«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Холғанат Дәнекер және әлеуметтік педагог Сатемір Айзира Қаржауқызы оқушылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстарын жүргізді. Үй аралау барысында отбасылардың әлеуметтік жағдайы зерделеніп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актілері толтырылды. Аталған жұмыстардың мақсаты – оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Балаға қамқорлық – ортақ міндет!

15.10.2026
Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу