«Ұлы тұлғалар тағылымы» аясында оқушыларға түркі әлемінің ұлы ойшылы, рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Оқушылар оның «Диуани хикмет» еңбегімен танысып, адамгершілік, имандылық, адалдық пен ізгілік туралы өнегелі ойларынан тағылым алды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыру және ұлттық рухани мұраны дәріптеу. Кітапханашы Мауленова Г.С.

15.10.2026
Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу