«БҮГІНГІ ОҚУШЫ – ЕРТЕҢГІ ОТАН ҚОРҒАУШЫ» Мектебімізде «ЖАС ҰЛАН» әскери-патриоттық ойыны жоғары деңгейде өткізілді! Сайыстың мақсаты – оқушылардың әскери даярлығын шыңдау, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, ұйымшылдыққа, тәртіпке және төзімділікке тәрбиелеу. Сайыс қорытындысы бойынша: І орын – «Жас Қыран» (1-топ) ІІ орын – «Жас Қыран» (2-топ) Оқушылар төмендегі кезеңдер бойынша өзара бақ сынады: Сап түзеу және ән байқауы Автоматты бөлшектеу және жинақтау Кедергілерден өту Пневматикалық винтовкадан ату Белтемірге тартылу Газмұмылдырықпен жүгіру Әр кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жеке номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жігерлері үшін алғыс білдіреміз! Осындай сайыстар жас ұрпақтың бойында батылдықты, жауапкершілікті және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел қорғаны! #ЖасҰлан #ӘскериПатриоттықОйын #ОтанҚорғаушы #ПатриоттықТәрбие #БастапқыӘскериДаярлық

13.10.2026
Просмотров: 2

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу