«Кітап оқитын ұлт» – рухани дамудың бастауы! «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша 5-сынып оқушылары қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін оқып, талқылады. Іс-шара барысында оқушылар шығармалардың мазмұнына тоқталып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдады. Жазушының әңгімелеріндегі еңбекқорлық, адамгершілік, білімге құштарлық пен адалдық тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салды. Мұндай әдеби талқылаулар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтуға және рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағы! Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Сатемір А.Қ. #БалаларКітапханасы #КітапОқитынҰлт #ЫбырайАлтынсарин #ОқуғаҚұштарМектеп