Сайын Мұратбековтің туғанына – 90 жыл! «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай оқушылар арасында қаламгердің «Жусан иісі» әңгімесі талқыланды. Талқылау барысында оқушылар шығарманың мазмұнына тоқталып, басты кейіпкер Аянның тағдыры, балалық шақтың қиындықтары, адамгершілік, достық пен төзімділік туралы ой бөлісті. Шығарма арқылы оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктің, мейірімділік пен қайсарлықтың маңызын түсінді. Кітап оқу – рухани байлықтың бастауы, әдебиет – адамгершілікке тәрбиелейтін асыл қазына! #СайынМұратбеков90жыл #ЖусанИісі #ОқуғаҚұштарМектеп #КітапОқу

13.10.2026
Просмотров: 0

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу