Ұлттық ойын – ұлт қазынасы! Ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларымыз асық ату ойынын ойнады. Асық ату – халқымыздың ұлттық мұрасы, балаларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа және дәлдікке баулитын дәстүрлі ойын түрі. Оқушылар ойынға белсене қатысып, ұлттық құндылықтарымызға деген қызығушылықтарын арттырды. Ұлттық ойындарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымыздың асыл мұрасы болып қала берсін! #біртұтас_тәрбие #ҰлттықОйын #АсықАту #ҰлттықҚұндылықтар #АдалАзамат

13.10.2026
Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу