“Мамандық пен еңбек” тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын таныстыру үшін жалпы бағдар беру сабағы өткізілді. Сабақтың басты мақсаты — оқушылардың заманауи еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы білімін кеңейту және болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында: 9-сынып оқушылары үшін: Колледждерге түсу шарттары, жұмысшы мамандықтардың беделі мен сұраныстағы бағыттары талқыланды; 10-11 сынып оқушылары үшін: Жоғары оқу орындары (ЖОО), ҰБТ бейіндік пәндері, мемлекеттік білім гранттарын иелену тетіктері түсіндірілді; Оқушылар өз бойындағы қабілеттер мен қызығушылықтарды анықтауға арналған экспресс-диагностикадан өтіп, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Дұрыс таңдалған мамандық — табысты болашақтың кепілі!

21.09.2026
Просмотров: 3


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу