БАСТАУЫШ СЫНЫП ОНКҮНДІГІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ! Бүгін мектебімізде бастауыш сынып онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Ашылу салтанатында бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндерімен, көтеріңкі көңіл күйлерімен көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Бастауыш – білімнің іргетасы, ал ұстаз – сол іргетастың берік қалануына жол ашатын тұлға. Алдағы онкүндік қызықты іс-шараларға, шығармашылық ізденістерге, жаңа жетістіктер мен жарқын сәттерге толы болсын! Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

12.10.2026
Просмотров: 1

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу