Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында тәрбие жұмысының өзекті мәселелері, сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспарының орындалуы, әр аптадағы сынып сағаттарының жүйелі өткізілуі. оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі, ата-аналармен тиімді байланыс орнату және ұлттық құндылықтарды тәрбие үдерісінде насихаттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, сынып жетекшілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Мақсаты:сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу және тәрбие жұмысының сапасын жетілдіру. Әдістемелік қолдау көрсетілетіндігі айтылды. ДТІЖО Холганат Д. #адал_азамат