Көркем еңбек және музыка апталығының жабылуы! Мектебімізде өткен көркем еңбек және музыка апталығы өз мәресіне жетті. Апталық барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылықтарын және музыкалық дарындарын көрсетті. Апталыққа белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлерің өрге жүзсін, шығармашылық шабыттарың сарқылмасын! Әрдайым биіктерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңдер! Өнерлі ұрпақ – ел болашағы!