**ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ** Ұстаздар күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Өнерлі оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше қуаныш сыйлады. Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін, білім мен тәрбиені қатар беретін қадірлі тұлға. Ұстаз еңбегін бағалау, құрмет көрсету – әрбір шәкірттің парызы. Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектеріне толағай жетістіктер тілейміз! **Ұстаз – ұлы есім! Ұстазға мың алғыс!** #ҰстаздарКүні #ҰстазғаМыңАлғыс #ШабытЖобасы #АдалАзамат #ӨндірісМектебі

05.10.2026
Просмотров: 0

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу