ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – елдігімізді ұлықтайтын, тәуелсіздігіміздің қадірін арттыратын, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын тарихи мереке. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін! Әр мектебіміздің мерейі үстем, жетістігі мол болсын! Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, шәкірттеріміз биік белестерді бағындыра берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін! Республика күні құтты болсын, қадірлі әріптестер! Ізгі тілекпен: Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сатемір Айзира Қаржауқызы