ЕҢБЕККЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ! Республика күні қарсаңында мектебіміздің ардақты ұстазы Раушан Ерубайқызы ерен еңбегі мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен марапатталады! Ұстаздық жолда 35 жылдық еңбек өтілі бар Раушан Ерубайқызы – шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман, ұлағатты ұстаз. Еңбекке деген адалдығы, кәсіби шеберлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі – зор құрметке лайық. Құрметті Раушан Ерубайқызы! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана беріңіз! Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс және абырой биігін тілейміз! Еңбек еленгенде – мерей өседі! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын! Республика күні құтты болсын!