Эстафеталық жарыс Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің онкүндігі аясында бастауыш сынып оқушылары арасында көңілді әрі тартысты эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында оқушылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігін көрсетіп, командалық бірліктерін таныта білді. Әр команда жеңіске деген жігермен белсенді қатысып, жарыс жоғары көңіл-күйде өтті. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, оқушылар жүлделі орындарына сәйкес марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Спорт – денсаулық кепілі!