«Ұрпақтар сабақтастығы» бағыты аясында «Аталар клубының» мүшесі Көпбай Қаражанұлы бастауыш сыныптың ұл балаларымен тағылымды әңгіме жүргізді. Кездесу барысында Көпбай Қаражанұлы жас ұрпаққа әдептілік, үлкенді сыйлау, жауапкершілік, еңбекқорлық, достық және ер азаматқа тән жақсы қасиеттер туралы өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ұл балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, атаның ақыл-кеңесін тыңдады. Кездесу барысында ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарға ерекше мән берілді. Мұндай тәрбиелік кездесулер **ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жасөспірімдердің бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға зор ықпал етеді. ДТІЖО Холганат Д. #аталарклубы