Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие бастауы «Ұрпақтар сабақтастығы» бағыты аясында «Әжелер мектебінің» мүшесі, мектебіміздің құрметті әжесі Ахметова Тамара әже бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тамара әже балаларға **кітап оқудың маңызы, кітаптың адам өміріндегі орны, білім мен тәрбиенің қалыптасуындағы рөлі** туралы әңгімеледі. Оқушыларға кітапты ұқыпты ұстау, күнделікті кітап оқуды әдетке айналдыру жөнінде ақыл-кеңестерін берді. Жылы жүздесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әжемен еркін пікір алмасты. Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, үлкеннің өнегесін кішіге жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру көзделді. ДТІЖО Холганат Д.

04.10.2026
Просмотров: 5

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу