Қарттар күні – қазыналы қарияларымызға құрмет күні! 1 қазан – Қарттар күніне орай мектебіміздің оқушылары Қамар әжені 4-сынып оқушылары сынып жетекшісі Раушан мұғаліммен бірге арнайы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар әжемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тіледі. Қамар әже де балаларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді. Осындай кездесулер арқылы жас ұрпақ үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу, ізгілік пен мейірімділік секілді асыл құндылықтарды бойына сіңіреді. Қамар әже, мерекеңіз құтты болсын! Деніңіз сау болып, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ортамызда аман-есен жүре беріңіз! ДТІЖО: Холганат Д. #қарттаркүніқұттыболсын