Қарттар күніне құрмет Халықаралық қарттар күніне орай Өндіріс ауылының ЖОББМ-нің 7-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жапаров Арман Қуатұлы Айсұлу әжейдің үйіне барып, мерекесімен құттықтады. Оқушылар ақ тілектерін айтып, әжейге сый-сияпаттарын табыстады. Үлкенге құрмет көрсету – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Осындай игі іс арқылы оқушылар үлкендерді қадірлеуді, қамқорлық танытуды үйренеді. Айсұлу әжейге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз! ДТІЖО: Холганат Д. #қарттаркүніқұттыболсын