"Өндіріс ауылының ЖОББМ"КММ еңбек,музыка пәнінің мұғалімін құттықтаймыз. Құрметті Нұрдхан Айнагүл апай! Ұстаздық жол – адам жүрегіне із қалдыратын ұлы жол. Сіз осы жолда талай жыл бойы қажырлы еңбек етіп, шәкірттеріңізге білім мен тәрбие беріп, олардың болашағына бағыт сілтеп келесіз. Сіз тәрбиелеген шәкірттер – ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі. Зейнеткерлікке қадам басқалы отырған осы ерекше кезеңде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяңызға бақ-береке тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, бала-шағаңыздың қызығын, шәкірттеріңіздің құрметін көріп, әр күніңізді шаттықпен өткізуді нәсіп етсін! Ұстаздық жолдағы жылдарыңыздың әрбір сәті жақсы естелік болып жүрегіңізде сақталсын. Алдағы өміріңіз тыныштыққа, қуанышқа, бақытқа толы болсын! Сізге шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіздің алғысы шексіз! Ұстаздық еңбегіңізге мың тағзым

30.09.2026
Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу