«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жексембі Күлбағыдат Төлегенқызына Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаздық – жүрекпен таңдалатын, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет ететін қасиетті мамандық. Осы қасиетті жолда саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған ардақты ұстазымыз Жексембі Күлбағыдат Төлегенқызы – мектебіміздің құрметті мамандарының бірі.н Сіз талай жыл бойы жас ұрпаққа білім беріп, олардың бойына адамгершілік, ізгілік пен жақсы қасиеттерді сіңіріп келесіз. Әр шәкіртіңіздің жетістігі – Сіздің маңдай теріңіз бен ерен еңбегіңіздің жемісі. Зейнеткерлікке қадам басқалы отырған осы ерекше кезеңде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөленіп, бала-шағаңыздың қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіз! Ұстаздық жолдағы ерен еңбегіңіз үшін мың алғыс! Мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын! Ізгі құрметпен, «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ ұжымы.

30.09.2026
Просмотров: 11


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу