ҰЗАҚ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ҰСТАЗ Байдаулетова Раушан Ерубайқызы – «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан, білім беру саласына өзіндік үлесін қосқан білікті ұстаз. Раушан Ерубайқызы саналы ғұмырының қомақты бөлігін осы мектептің дамуына арнады. Ұстаздық қызметімен қатар, 8 жылдан астам уақыт басшылық қызмет атқарып, мектептің оқу-тәрбие жұмысының жүйелі ұйымдастырылуына, ұжымның бірлігі мен мектеп өмірінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Мектеп өмірімен етене араласып, талай жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген тәжірибелі маман бүгінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде еңбек жолын жалғастырып келеді. Оның кәсіби білімі, мол тәжірибесі мен педагогикалық шеберлігі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған. Ұзақ жылғы адал еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлесі еленіп, 2025–2026 оқу жылында төсбелгімен марапатталуы – ұстаз еңбегіне көрсетілген лайықты құрметтің айқын көрінісі. Раушан Ерубайқызы – мектептің қалыптасуы мен дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған, ұрпақ тәрбиесіне бар күш-жігерін арнаған тәжірибелі ұстаз. Оның еңбек жолы – жас мамандарға үлгі, ал шәкірттері үшін ұстаз еңбегінің қадірін танытатын өнегелі жол. Ұстаз еңбегі – ұрпақ жүрегінде қалатын өшпес із. #мерейліұстаз #ұстазмәртебесі #ұстаздаркүніқұттыболсын #astrakhanka_bilim_bolimi

29.09.2026
Просмотров: 8

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу