«Қарттар – біздің асыл қазынамыз!» тәрбие сағаты Қарттар күніне орай сыныбымызда «Қарттар – біздің асыл қазынамыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға үлкенді сыйлау, ата-әжені құрметтеу, қамқорлық пен мейірімділік таныту сияқты асыл қасиеттерді дәріптеу. Оқушылар тақпақтар айтып, ән орындап, қарттарымызға арнап суреттер бояды. Қарттарымыз – шаңырағымыздың берекесі, ақылымыздың қайнар көзі, өмірлік өнегенің үлгісі. Қарттарымыз аман болсын, дендері сау, ғұмырлары ұзақ болсын! Жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т. #біртұтас_тәрбие #қарттаркүні

28.09.2026
Просмотров: 10


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу