undurus_88 2 нед. "Өндіріс ауылының ЖОББМ"КММ 6-сынып оқушыларымен «Бүгінгі еңбек - ертеңгі нәтиже » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп өз сүйікті ісімен айналысып қоғамға пайдасын түсіндіру. Қорытынды: Сынып сағаты соңында оқушыларға : Еңбек – адам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі. Бүгінгі жасаған еңбегіміз – ертеңгі жетістігіміздің негізі. Адам өз мақсатына жету үшін білім алып, ізденіп, талмай еңбек етуі керек. Еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық адамға жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрбір оқушы бүгіннен бастап сабағын жақсы оқып, өз қабілетін дамытып, пайдалы істермен айналысса, болашақта өз арманына жете алады. Бүгінгі еңбек – жарқын болашаққа бастар жол екені қорытындыланды. Сынып жетекшісі : Тынысбекова Ж.Ө #біртұтас_тәрбие

21.09.2026
Просмотров: 4


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу