“Өндіріс ауылының ЖОББМ” КММ Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, 5-сынып оқушыларымен «Бүгінгі еңбек – ертеңгі мүмкіндік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға адал еңбек пен сапалы білімнің болашақ жетістіктерге жетелейтін негізгі фактор екенін ұғындыру, еңбекқорлыққа баулу. Сынып сағаты барысында оқушылар еңбек туралы мақал-мәтелдерді талдап,«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында шағын эссе жазып, сабаққа белсене қатысты. Сынып жетекшісі оқушыларға еңбек пен жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Сынып жетекші: Қалдыбек А.Б. #біртұтас_тәрбие