Мектептің медицина қызметкері Мурзашева Б.Т. оқушы қыздармен «Адам папиллома вирусының (ВПЧ) алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Кездесу барысында ВПЧ инфекциясының алдын алу жолдары, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және профилактикалық шаралардың маңыздылығы туралы түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.