«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де Қыздар клубының отырысы өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – қыз балалардың бойына әдептілік, мәдениеттілік, жауапкершілік, өзін-өзі дұрыс ұстау және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Отырыс барысында: қыз балалардың әдептілігі мен мәдениеті; өзін-өзі ұстау тәртібі; жеке бас гигиенасы; ұлттық құндылықтарды дәріптеу; қыз тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу барысында оқушы қыздарға өз ойларын еркін жеткізуге, пікір алмасуға және өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік берілді. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Әр қыз – болашақтың көркі мен отбасының берекесі! Психолог: Абдибаева А.Н. ДТІЖО: Холганат Д.