«Кітап – тілдің қазынасы» әдеби көрме. Көрменің мақсаты: оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ана тіліміздің байлығын таныту, көркем әдебиет пен шешендік өнерді насихаттау. «Тіл – ұлттың жаны» – ана тілі мен тіл тағдырына арналған кітаптар. «Кітап – ақылдың кені» – танымдық және көркем әдебиеттер. «Шешендік – сөз өнерінің шыңы» – билердің шешендік сөздері, нақылдары. «Қазақ әдебиетінің алыптары» – Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров шығармалары. «Жыр әлеміне саяхат» – қазақ ақындарының өлең жинақтары. Кітапты сүй. Ол – тілдің байлығын танытатын, рухани дүниеңді байытатын асыл қазына. Кітапханашы: Мауленова Г.С