«Білімді ұрпақ – ел болашағы» 2-сынып оқушыларымен «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, Отанын сүйетін, білімге құштар, саналы ұрпақ болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, түрлі тапсырмаларды белсенді орындады. «Жұмыс парағы» арқылы білімдерін бекітіп, білімді болудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Ботагөз Темірбекқызы #біртұтас_тәрбие

14.09.2026
Просмотров: 812


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу