Бүгін «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де кезекті лездеме өткізілді. Лездеме барысында мектептің оқу-тәрбие жұмысына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары талқыланды. Педагогтерге жұмыс барысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері нақтыланды. Сонымен қатар мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік, оқушылардың сабаққа қатысуы, білім сапасы, тәрбие жұмыстары және алдағы іс-шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауыл спортынан орын алған Келденбек Айбек Досболұлын мектеп директоры құттықтады. Лездеме соңында ұжым мүшелеріне берілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде ұсыныстар айтылды.

14.09.2026
Просмотров: 806


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу