ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ! Мектебіміздің оқушылары ауыл көлемінде өткен спорттық жарысқа белсене қатысып, өздерінің шеберліктері мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Жарыс нәтижесінде 9-сынып оқушысы Келденбек Айбек жүлделі І орынға ие болып, республикалық деңгейдегі жарысқа жолдама алды! Айбекті жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы республикалық додада сәттілік, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Жеңісің құтты болсын, Айбек! Мектебіміздің мерейін республикалық деңгейде асқақтата бер! Үздік ойыншы 7-сынып оқушысы Мұратжан Еркеназды да құттықтаймыз.

11.09.2026
Просмотров: 806


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу