ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ! Өндіріс ауылының жалпы білім беретін мектебіне оқушыларымызға қолдау көрсетіп, Нариман Жұмабайұлы игі іс жасады. Атап айтқанда, мектеп кітапханасына белгілі қаламгер Болат Шарахымбайдың кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар оқушыларға қажетті кеңсе тауарларын, оқу сөмкелерін және қажетті киім-кешектерді сыйға тартты. Бұл – жас ұрпаққа деген жанашырлық пен қамқорлықтың, білім мен тәрбиені қолдаудың жарқын үлгісі. Осындай игі бастама көтеріп, мектебіміздің оқушыларына қуаныш сыйлаған Нариман Жұмабайұлына мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз! Кітап – білімнің қайнар көзі. Балаларға жасалған қолдау – болашаққа жасалған инвестиция. Жасаған жақсылығыңыз еселеніп қайтсын! Еңбегіңізге береке, отбасыңызға амандық, жүрегіңізге қуаныш тілейміз! Ізгі ниетіңіз бен үлкен жүрегіңіз үшін мың алғыс! #ӨндірісМектебі #Алғыс #ИгіІс #Қайырымдылық #БілімгеҚолдау Кітап ОқушыларғаҚолдау ЖақсылықЖаса