Тілдер онкүндігіне орай құрылған жоспарға сәйкес 2–3 сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс сабақ өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, ана тіліне деген құрметі мен қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа және шапшаң ойлауға баулу. Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, олардың мағынасын ажыратып, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Осындай танымдық сайыстар оқушылардың тіл байлығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

10.09.2026
Просмотров: 6


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу