«Заң мен тәртіп» құндылығы аясында 9–10-сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында танымдық-интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге, құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Ойын барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, құқықтық жағдаяттарды талдап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Интеллектуалдық сайыс оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті. Заңға құрмет – тәртіптің негізі, тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі! Өткізген: Дәменұлы Біржан ДТІЖО: Холганат Д. #заңментәртіп #біртұтас_тәрбие