«Тіл – татулық тірегі» атты Тілдер онкүндігінің жұмыс жоспары аясында Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі А.Жапаровтың ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында «Үш тіл – үш әлем» атты полиглот сайысы өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді меңгеру деңгейін жетілдіру және танымдық қабілеттерін дамыту. Сайыс барысында оқушыларға лексикалық, грамматикалық және танымдық бағыттағы түрлі тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар өз білімдерін сынап, шапшаңдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Сайыс оқушылардың белсенділігімен және қызығушылығымен ерекшеленіп, достық әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар атап өтіліп, тіл білудің қазіргі қоғамдағы маңызы тағы бір мәрте атап көрсетілді.