«Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты – оқушылардың отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар өз суреттерінде отбасының жылуын, ата-анаға деген махаббатын, отбасы мүшелерімен өткізген бақытты сәттерін бейнеледі. Көрмеге қойылған әрбір жұмыс балалардың шынайы көңілінен туындаған ерекше туынды болды. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің, татулық пен бірліктің мекені! Жауапты мұғалім: Иманжүсүп Б.Т.