«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де педагогтер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұжым мүшелерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері және адалдық қағидаттарын сақтау жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыру. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді адал орындау мәселелері талқыланды. Адалдық – әр адамның міндеті! Жемқорлыққа жол жоқ!