ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АРДАҚТЫ АТА-АНАЛАР, ҚАДІРЛІ ОҚУШЫЛАР! Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттардың, жаңа мүмкіндіктердің және үлкен жетістіктердің бастауы. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін! Мектеп өмірлеріңіз қызықты да жарқын сәттерге толы болсын! Құрметті ұстаздар! Сіздерге шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз биік болсын! Қымбатты оқушылар! Білімге ұмтылып, ізденуден жалықпаңыздар. Әрбір жетістіктеріңіз – мектебіміздің мерейі, ата-аналарыңыздың қуанышы! Жаңа оқу жылы баршамызға сәттілік, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және толағай жетістіктер әкелсін! Білімді ұрпақ – ел болашағы! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Баршаңызға сәтті оқу жылы тілеймін! ДТІЖО ХОЛГАНАТ Д.