16 маусым күні лагерь жоспарына сай «Суретшілер шеруі» атты шығармашылық шара ұйымдастырылды. Балалар тақырыптық дайын суреттерді өз талғамдарымен бояп, сонымен қатар жазғы демалысқа арналған жеке суреттерін салды. Әр қатысушы өзіндік қиялы мен шығармашылық шеберлігін көрсетті.