“Күншуақ” жазғы демалыс лагеріміздің 2-күні біз үшін өте қызықты әрі мазмұнды өтті: • Күнді сергек бастау үшін Ташпан О.Б. оқушыларға ерекше таңғы жаттығу жасатты. Балалар бір серпіліп қалды! • Білімсіз күн өтпейді! Сагнаева Г.О. ағылшын тілінен танымдық әрі қызықты сабақ жүргізіп, балалардың тілге деген ынтасын арттырды. • Күннің ең көңілді бөлігін Қалдыбек А.Б. жалғастырды. Ол оқушылар үшін тартысты интеллектуалды ойын мен энергиясы тасыған көңілді би ұйымдастырды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен алған әсерлері — біз үшін ең үлкен бақыт!