4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы айтулы мерекеге орай, «Күншуақ» демалыс лагерінің кезекті күні ерекше рухта басталды! • Балалар таңғы жиынды еліміздің Басты Әнін асқақтата шырқаумен ашты. • Балалар Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың шығу тарихы мен маңызы туралы қызықты видеоролик тамашалап, білімдерін толықтырды. • Кішкентай бүлдіршіндеріміз рәміздер бейнеленген суреттерді өз қолдарымен бояп, өздерінің Отанға деген ыстық ықыластарын шығармашылық арқылы жеткізді. Лагерь жетекшісі: Қалдыбек А.Б. #РәміздерРухы #КонституцияКүші #РәмізгеҚұрмет #МеніңТуымМеніңМақтанышым #ТуымызТөрімізде #МеніңТуым

04.06.2026
Просмотров: 751

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу