1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау; «Күншуақ» жазғы лагерінің жұмысын салтанатты түрде бастау, балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру; Балаларды достыққа, ауызбіршілікке және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Балалар арасында «Көңілді эстафета» ойыны ұйымдастырылды. «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында асфальтқа түрлі-түсті борлармен сурет салып, өз қиялдарын көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңында балаларға тәтті таратылды.

01.06.2026
Просмотров: 303

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу