25 қоңырау мерекесіне орай «Білім – Отаныма» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға мектептің 10, 20, 30 жылдық түлектері арнайы қатысып, ұстаздарымен жүздесіп, балалық шақтың жарқын естеліктерін еске алды. Кеш барысында түлектер жылы лебіздерін білдіріп, мектеп қабырғасында алған білімнің өмір жолындағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жас түлектерге ақ тілектерін арнап, болашақтарына сәттілік тіледі. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар ән айтып, би билеп, әсерлі көріністер қойды. Іс-шара соңында мектеп ұжымына және ұстаздарға алғыс айтылып, естелік суреттер түсірілді. Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, туған мектепке деген ыстық ықыласты арттырған тағылымды кеш болды. ДТІЖО: ХОЛГАНАТ Д.

25.05.2026
Просмотров: 475

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу