2026 жылдың 20 мамыр күні «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де 4-сынып оқушыларымен «Бастауышпен қоштасу» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылап, ұстаздарға деген алғысын білдіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және орта буынға қадам басуына тілек айту. Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды. Оқушылар бастауыш сыныпта өткен қызықты сәттерін еске алып, ұстаздарына, ата-аналарына жүрекжарды алғыстарын білдірді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш соңында оқушыларға жылы лебіздер айтылып, сәттілік тілектері жолданды. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И.

20.05.2026
Просмотров: 24

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу