Анықтама Бүгін 4 мамыр күні 4 сынып оқушыларымен «Ер мен жердің жемісі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға туған жердің қадір-қасиетін ұғындыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, еңбекқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар туған жер туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар жердің адам өміріндегі маңызы, еңбектің нәтижесі туралы түсініктер берілді. Тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін күшейтті. Балалар жерді қорғау, оны күтіп-баптау әр адамның міндеті екенін түсінді. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И.