Бір шаңырақ астында,бірлігіміз жарасқан". Бұл күн – әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, бір-бірімізге деген сыйластық пен достықты нығайтатын күн. Әр ұлттың өзіне тән тілі, өнері, киімі, салт-дәстүрі бар. Бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылықтар – бейбітшілік, достық және өзара түсіністік. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ұлттар күні құтты болсын! Достығымыз нығая берсін, бірлігіміз арта берсін! "Балақай" шағын орталығының тәрбиеленушілері. Тәрбиешісі: Мауленова Г.С